Қазақ тілінен мемлекеттік емтихан билеттері
( 9-сынып орыс сыныптарында)
№1
1.Отбасы дәстүрі туралы әңгімеле(мақал-мәтелдер).
2.Фонетика.Дыбыстар классификациясы.
3.Отбасы,дәстүр,
шаңырақ сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
№2
1.Ақ бата-
қасиетті тұмар(батаның мақсаты, түрлері).
2.Тұрақты
тіркестер.
3.Келесі тұрақты
тіркестердің баламасын табыңдар:
ит өлген жер-...
қырғиқабақ болу-...
ешкімнің ала жібін аттамау-...
№3
1.Бала тәрбиесіндегі қағидалар.
2.Үндестік заңы.
3.Туынды сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар: тәрбиеші, ұстаз, тәртіпті, шаңырақ, ұрпақ,
қамқоршы.
№4
1.Киелі сандар құпиясы.
2.Көмекші есімдер.
3.Көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңдар.
№5
1.Қазақ –қонақжай халық.
2.Зат есімнің септік жалғауы.
3.Келесі сөздерді септеу: қонақ, қазақ халқы.
№6
1.Киіз үй туралы әңгімеле.
2.Зат есімнің тәуелдік жалғауы.
3.Келесі сөздерді тәуелдеу: шаңырақ, киіз үй.
№7
1.Қазақтың музыкалық аспаптары.
2.Синонимдер.
3.Мына сөздердің синонимдерін жазыңдар:
Аспап-...
Қазына-...
Халық-...
Дүние-...
Ғалым-...
№8
1.Қазақ бейнелеу өнері.
2.Етістіктің райлары.Қалау рай.
3.Келесі сөздерден
қалау рай формасын жасаңдар:
сурет салу, бару, көмектесу, оқу,қатысу.
№9
1.Әбілхан Қастеев.
2.Бұйрық рай(ереже).
3.Етістіктерден бұйрық рай формасын жасаңдар:
бардым, жаздың, келді, білесің, сөйлейсің.
№10
1.Портрет.
2.Шартты рай (ереже).
3.Етістіктерден шартты райдың ІІ жағын жасаңдар: жаз, оқы, кел, сал, сөйле.
№11
1.Қазақстан мұражайлары.
2.Сөйлем түрлері.
Сұрау сөйлем.
3.Мұражай тақырыбы
бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.
№12
1.Қазақстан Республикасы.
2.Қос сөздер.
3.Мына қос сөздердің жасалу жолын түсіріңдер:
орамжапырақ, жақсы-жаман, кезек-кезек, қап-қара, сарт-сұрт.
№13
1.Президенттік мәдени орталық.
2.Антонимдер.
3.Сөз тіркестерінің антонимдерін табыңдар:
ірі жол-...
қазіргі заман-...
ұзақ мерзім-...
ежелгі қала-...
№14
1.Есік Алтын адамы.
2.Сан есім.
3.Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, сөйлем
құрастырыңдар:
97, 68, 365, 24, 12, 50, 2014.
№15
1.Ақпарат құралдары.
2.Сын есім.
3.Негізгі , туынды сын есімдерді ажыратыңдар: атақты, сұр, ірі, көңілді, биік, жауапты,
ашық, көне.Бір сөйлем құрастырыңдар.
№16
1.Радиохабар жанрлары.
2.Етіс. Ортақ етіс.
3.Сөйлемдерде ортақ етістің жұрнақтарын қойып
жазыңдар. Мысалы: Айман
досымен хат жаз....
Мен Мұраттың сөмкесін көтер....
Олар сабақта жиі кезде....
№17
1.Журналистика.
2.Өздік етіс.
3.Сөздерден өздік етіс жасаңдар, сөйлем құраңдар: сұра, сөйле, мақта, жаса.
№18
1.Телевидение.
2.Өзгелік етіс.
3.Етістіктерден жұрнақтар арқылы өзгелік етіс жасаңдар:айт, әкет, отыр, ки, жет, киін.
№19
1.Қазақстан телеарналары.
2.Ырықсыз етіс.
3.Етістіктерден жұрнақтар арқылы ырықсыз етіс жасаңдар: айт, жаз, жаса, бер, сал.
№20
1.Емтихан.
2.Зат есім.
3.Сөз құрамына талдау: жауапкершілік, тапсырушы, түлектердің, шығармашылықпен.
№21
1.Менің бос уақытым.
2.Етістіктің шақтары.Осы шақ.
3.Келесі сөздерді осы шақта жікте: отыр, жаз.
№22
1.Менің болашақ мамандығым.
2.Келер шақ.
3.Етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, сөйлемдер
құраңдар:
таңдау, танысу, ойлау.
№23
1.Мәңгілік ел
2. Құрмалас
сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем (ереже)
3. Берілген сөйлемді
талдаңыз.
№24
1.Ұлы Отан Соғысы
2. Сабақтас құрмалас сөйлем (ереже)
3. Берілген
сөйлемді талдаңыз.
№25
1. ЭКСПО 2017
2.Омонимдер.
3.Омоним сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрастырыңдар:
түс, жүз, ат, күн, көз.