КММ "Кешкі орта мектебі" қашықтықтан оқытуға көшу.
Коронавирустың таралуына және төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ҚР барлық қалалық және ауылдық мектептерінде қашықтықтан оқыту енгізілді.
КММ "Кешкі орта мектебі" ұжымы осы бағытта тұрақты жұмыс атқаруда:
- мұғалімдер үкіметтің барлық жаңалықтары мен ұйғарымдарын зерделейді;
- сабақтарға арналған материалдарды таңдау бойынша жұмыс жасайды;
- өз дағдыларын арттыру жұмыстарын жинақтау;
- цифрлық технологияларды пайдалану;
- әдістемелік жинақ толықтыру;
- сабаққа арналған материалды таңдайды.
Біздің мектеп оқушыларына Қашықтықтан оқытудың түрлі форматтары ұсынылды:
- ZOOM платформасы арқылы сабақтар өткізу;
- Жұмысшы жастар арасынан шыққан оқушылар үшін Bilimland платформасы арқылы оқу ұсынылды,бұл оқушыларға жұмыстан бос уақытта айналысуға мүмкіндік береді.
-Сондай-ақ оқушыларға теледидарды қолдану арқылы бейне сабақтарды көру ұсынылды (оқушылар мен ата-аналар күн сайын теле-сабақтар кестесімен таныстырылады), сондай-ақ пәндер бойынша тапсырмаларды электрондық пошта және WhatsApp арқылы беру тәжірибеленеді.
Мектептің сынып жетекшілері мен психологы кәмелетке толмаған оқушылармен үнемі байланыста болады, оларға оқытудың жаңа түрлерін үйренуге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, дистанцияда қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
ZOOM режимінде сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы және психологиялық сабақтар өткізіледі.